«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары ұлттық парк аумағында жануарлар дүниесіне бақылау жүргізу мақсатында фототұзақтарды орнатады.
Бақылау жүргізу барысында мемлекеттік инспекторлар флэш-дискілерді жинап, фототұзақтардың батареяларын уақтылы ауыстырады.
Сонымен қатар фенологиялық және метеорологиялық бақылаулар жүргізеді.
Жоғарыда көрсетілген видео және фотода:
Жабайы шошқа — жұптұяқтылар отрядына жататын, жылуды жақсы көретін, үй шошқасының арғы тегі. Жабайы шошқалар тауларда, батпақты жерлерде, тайгаларда, тіпті шөлде де өмір сүреді.
🖊️Мемлекеттік инспектор Гергенрейдер Е