Ағымдағы жылдың 20-қыркүйегі күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық паркіміздің Ақтоғай өзенінің бойында «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day 2024)» экологиялық акциясы өтті.
Акцияны өткізуге аталмыш аумаққа жауапты мемлекеттік инспекторлар мен мекеменің мамандары жұмылдырылды.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза етуге көмектесу және табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсету.
Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Табиғат зиянды қалдықтардан өздігінен тазалана алмайды. Сондықтан біздер осындай экологиялық сенбіліктерді ұйымдастыруға атсалысамыз.
Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.