Ұлттық парк аумағында жабайы жануарлар мен құстардың маусымдық (күзгі) қоныс аударуы басталды. Тұяқтылар жыл сайын әдеттегі маршруттар бойынша бірнеше шағын топтарға бөлініп, қыстайтын жерлерге қарай бағыт алады. Олардың ішінде арқарлар ерекше көзге түседі. Үлкен мүйіздері бар әсем, ірі тау қойлары әрқашан жыртқыштардың ғана емес, браконьерлердің де назарын аударады.  Қызыл кітапқа енген арқарлар жылына екі рет тіршілік ету ортасы үшін жазық далаларды кесіп өтулеріне тура келеді. Көші-қон кезінде арқарлар орта есеппен 10-25 бас болып топтасады. Қыс бойы осы топтарын бұзбай бөлек өмір сүріп,  тек жас ұрпақтарын қалыптастыру кезеңінде (қозылар мен қозыларды тамақтандыру кезеңі) ыдырайды.

         Арқарлардың бүгінгі таңдағы тұрақты мекендейтін 3 учаскесі: Арқалы тауы, Қарабас тауы және Батыс Тарбағатай бір-бірімен ерекше "дәлізбен" байланысады және сол арқылы арқарлар әдеттегі мекендеу орындарына ондаған шақырымдап жүреді. Маусымдық көші-қон кезеңінде "дәлізде" деп аталатын аумақта мемлекеттік инспекторлар автокөліктерді, жылқыларды, қарда жүретін көліктерді, дрондарды пайдалана отырып, тәулік сайын патрульдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тұяқтылардың осал түрін күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету үшін көші-қон аймақтарына жақын орналасқан елді мекендерден жергілікті учаскелік полияция қызметкерлері жұмылдырылады.

Аңшы-биолог – А. Қ.Рахимбеков

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95