2024 жылдың 11-қарашасынан бастап, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі аумағында өрт қаупі бар маусым ресми түрде аяқталды.
Осы маусымда ұлттық парк аумағында жалпы ауданы 2,5 га болатын 1 орман өрті тіркеліп, жедел анықтаудың және оларды сөндіру үшін уақытылы қабылдаған шаралардың арқасында өрт ошағы дер кезінде жойылған болатын.
Осы орман өртін ескере отырып Ұлттық парк 2025 жылдың өрт қаупі бар маусымына бүгінгі күннен бастап дайындық жұмыстарын жүргізуді қолға ала отырып, Сіздерді Үржар, Мақаншы аудандары бойынша көрікті де әсем табиғатымызды, шағын орманымызды өрттен қорғауға шықырамыз!
Орман қорғау инженері М.Малгельдинов.