Ұлттық парктің ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары далалық жұмыстар жүргізу барысында 3 Сібір елігін кездестірді. Қазіргі уақытта таудағы қардың қалыңдығы 35 см жеттіп, еліктер үшін қорек табу қиынға соғуда. Сол себепті еліктер таулы аймақтан жазық жерлер мен өзен аңғарларына қарай көшіп қонуда.
Көші-қон кезінде үйірімен топтасқан еліктер көлік жолын кесіп өтіп, жүйткіп келе жатқан көлікке жиі соғылады. Әсіресе, қар жауып тұрғанда немесе боранды күндері оларды алыстан аңғару қиынға соғады. Сондықтан жануарлардың көші-қоны орын алып жатқан мерзімде көлік жүргізушілеріне сақ болуды ескертеміз!
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.