"Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ 2024 жылдың өткен өрт қауіпті кезеңі бойынша жұмыс кездесуін ұйымдастырды.

         Кездесуге төтенше жағдайлар департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, қазавиаақорғау, "Тарбағатай" МҰТП және "Семей орманы" МОТР табиғат қорғау мекемелерінің мамандары мен басшылық құрамы қатысты.

         Кеңес барысында ормандарды өрттен қорғау, табиғат қорғау заңнамасын бұзу, статистикалық деректер қорытындылары шығарылды. Сондай-ақ, өрт қаупі кезеңінің басталуы мен орналасқан жерлері бойынша тікұшақтардың патрульдік борттарын уақтылы қою, орман өрт станцияларының қызметкерлерін орман өрттерін ұйымдастыру және сөндіру тактикасына оқыту, түгендеу және консервациялау, өртке қарсы техниканы жөндеу және дайындау мәселелері қозғалды.

         Сонымен қатар, табиғатты қорғау мекемелерінің басшылығынан өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдар жұмысының келісімділігі және өртті жою барысы туралы халықты хабардар ету мақсатында өрт кезінде деректерді берудің жеделдігі мен дұрыстығы үшін байланыс арнасының сапасын арттыру және жақсарту туралы ұсыныс келіп түсті.

         Соңында төрағалық етуші құрам шағын аудандардағы өрттерді оқшаулау бөлігінде орман және өрт күзеті қызметкерлерінің тамаша қызметі үшін алғысын білдірді.

1 1 1 1

 

Ұлттық парктің баспасөз қызметі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95