11 желтоқсан – Халықаралық Тау күні. Бұл мерекені 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен болатын. Оның негізгі мақсаты – таулы аймақтарды дамыту, табиғи рельефті сақтау және сол аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттыру.
Осы ерекше күнге орай “Тарбағатай” ұлттық паркінің қызметкерлері Бестерек ауылының М.Хасенов атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушылары үшін қызықты әрі танымдық іс-шара ұйымдастырды. Балаларға табиғаттың, соның ішінде таулардың маңыздылығы туралы дәріс оқылып, тау суретін салу бойынша байқау өткізілді.
✨ Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде – Пахриддинова Милана;
1-орын – Темірбаев Бекжан;
2-орын – Мақсат Бағынар;
3-орын – Қабдеш Әсем.
Оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері ерекше байқалды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ал жеңімпаздар ұлттық парк директоры А.Серкебаевтың мадақтамасымен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұл бастама – таулардың адам өміріндегі маңызын түсіндірумен қатар, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырудағы маңызды қадам. М.Хасенов атындағы орта мектебінің ұжымына алғысымыз шексіз!
Табиғатты бірге қорғайық! Тауларымызды сақтайық!
Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.