ҚР Президентінің 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың қаңтар айының 14-і күні "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Жас орманшылар одағымен бірлесіп, "Таза Қазақстан - 2025" экологиялық акциясына орайластырылған "Ағаштардың экологияға пайдасы" тақырыбында экологиялық акция өтті.
Экологиялық акция Абылайхан орта мектебінде өтті. Іс-шараға Үржар ауданына қарасты 5 мектептің Жас орманшылар одағының құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, "Уақыт тынысы" аудандық газетінің өкілі А.Оспанов қатысты.
Жас орманшыларды табиғатымызды қорғау, орман молықтыру жұмыстарына тартып, көшеттерді өсіруді тәжірбие жүзінде көрсетіп, құтыларға тұқымдар екті. Аталмыш акция жас жеткіншектердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еңбекке баулу, жасыл желектерге қамқорлық көрсетіп, табиғатымызды аялауға үлес қосатынына сеніміміз мол.
Экологиялық акцияға жалпы саны 95 адам қатысып, 150 дана кәдімгі қарағай тұқымы отырғызылды. Алдағы уақытта да табиғатымызды қорғау жолында атқарылатын іс-шараларымыз қарқынды түрде жүзеге асырылып, еліміздің экологиялық мәдениетін дамыту жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Рекреация және туризм инженері: Д.Тоқтасынұлы.