"Үржар" орманшылығының №5 мастерлік учаскесінің орман шебері Е.Жунусов және оған қарасты мемлекеттік инспекторлар №31 орамға биотехниялық іс-шара шеңберінде тұяқты жануарларды азықтандыруға арналған 15 бума бұтақты жем орналастырды. Аталмыш іс-шара экожүйені сақтап қалуға және жабайы жануарларға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.
Рейд барысында аумақта заң бұзушылық және орман заңнамасын бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
Аумақтан елік, түлкі және қоянның іздері байқалды.
"Үржар" орманшылық басшысының көмекшісі: М.Аманғазы.