Қыс мезгілі ормандар үшін ерекше кезең болып табылады. Аяз бен қарлы күндер орман экожүйесінің өмірін күрделендіреді. Осы кезеңде орманшының қызметі айрықша маңызды болмақ. Мемлекеттік инспектор – табиғат қорғаушысы, орман байлықтарын сақтаушы және экожүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші. Қыс мезгілінде олардың жұмысы орманның табиғи жағдайларын қорғау мен бақылау тұрғысынан күрделене түседі. Атап айтқанда,
- Ормандағы өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғап бақылау, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік сияқты әрекеттермен күресу;
- Ауа райы құбылыстарын бақылау жұмыстарын жүргізу;
- Ормандағы жануарлардың тіршілігін сақтау, биотехникалық іс шаралар жүргізу.
- Орман қорғау мәселелері бойынша тұрғындарға, шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу
сияқты еңбектерінің арқасында біздің ормандарымыз келешек ұрпаққа да жетіп, табиғаттың әрбір бөлшегі сақталатыны анық.
Үржар орманшылығы басшысының көмекшісі: Аманғазы Мақпал.