2025 жылдың 04-ақпаны күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы, Бестерек ауылының "М.Хасенов атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-сінде "Таза Қазақстан!" экологиялық бағдарламасы аясында "Менің ағашым!" тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырды.
Аталмыш акцияға 7-9 сынып оқушыларынан 74 бала қатысып, 50 контейнерге 150 дана кәдімгі қарағай тұқымы отырғызылды.
Акция барысында ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Р.Қабсаметов слайд арқылы семинар сабағын жүргізіп, оқушыларға кәдімгі қарағай тұқымын еккенге дейінгі өңдеу процесі мен егілгеннен кейінгі күтімі жайлы ақпарат берді.
Қарағай тұқымын егу акциясы әлі де жалғасын таппақ! "Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы әрбір қазақстандыққа еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.