Абай облысы мәслихатының шешімімен және Үржар ауданының әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлының ұсынысына келісе отырып, ауданымыздың орман шаруашылығы мен табиғатты қорғау саласына сіңірген ұзақ жылғы еңбегін, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін және қоғамдық өмірдегі белсенділігін ескере келе Үржар аудандық мәслихатының шешімімен Темешев Ережеп Мұқанұлына "Үржар ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Жұмысшы мамандықтар жылында "Тарбағатай" МҰТП-нің қарт ардагері Ережеп Мұқанұлының ерен еңбегінің жетістігіне қуанышымызды білдіре отырып, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз!
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.