2025 жылдың сәуір айының 03-і күні "Тарбағатай" МҰТП-нде "Парктер шеруі - 2025" Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті. Салтанат шерумен бастау алып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тауып, "Құстар біздің досымыз!" атты экологиялық байқаумен аяқталды.
Ашылу салтанатына жиыны 500 адам қатысты. Мақсатымыз - қоғамның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға деген оң көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға қоғамды тарту және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру болды.
Алдағы 2 ай көлемінде аталмыш акция барысында әртүрлі экологиялық акциялар мен сенбіліктер, байқаулар мен көрмелер, экологиялық сабақтар мен экскурсиялар өткізу жоспарланып отыр.
Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі.