Сәуір айының 7-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Науалы ауылдық округінің « Қ.Төлеубеков атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 7 сынып оқушыларына «Жауқазындар күні» атты дәріс-сабақ өткізді.
Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған мәліметерімен бөлісіп, оқушыларды топтарға біріктіріп, әр топқа өз мәліметтерін қорғатты. Оқушылар аумақта кездесетін қызғалдақтардың түрлерімен, олардың Жер бетіне таралуын, табиғаттағы маңызы және қазіргі жай-күйі туралы өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында оқушылар бір-бірлеріне баға беріп, тілек айтты.
Жауқазындар күні
- Толығырақ
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры