Сәуір айының 11-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркінің Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің
ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2025» Халықаралық табиғатты
қорғау акциясы аясында Қарабұта ауылының « Қарабұта орта мектебі»
КММ-нің 6-7 сынып оқушыларына 12 сәуір Ғылым күні қарсаңында
«Білмектің кілті білім мен ғылымда» тақырыбында дәріс-сабақ өткізді.
Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер Ұлттық парктің Ғылым
бөлімінің құрылымы мен атқаратын қызметтерімен таныстырып, фототұзаққа
түскен жануарлар туралы бейнероликтер көрсетті. Дәріс сабағының соңында
оқушылар берілген ақпараттардың ішінде өздеріне қызықты болған
мәліметтерді атап өтіп, «Егер мен Ғалым болсам...» деген тақырыпта өз
ойларымен бөлісті. Өз ойын ұшқыр және жүйелі түрде жеткізген оқушыларға
естелік сыйлықтар табысталды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми
қызметкері С.Мәженова