«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2025 жылдың 17 сәуір күні, Мақаншы ауданының білім бөлімімен бірлесіп, Мақаншы ауданының «Сейфуллин атындағы орта мектеп – бақшасы» КММ-нің, «Бауыржан Жүнісов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ-нің және «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің биология, география, тарих пәндерінің ұстаздарына «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасында пайдалану» атты семинар өткізді.
Семинар барысында мектеп ұстаздарына «Тарбағатай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылу тарихы, ұлттық парк жұмысын ұйымдастыру негіздері, ұлттық парктің кластерлік аумақтары, өсімдіктер және жануарлар әлемін таныстырып, ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің жұмыс бағыты және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін мектеп бағдарламасында пайдалануға болатындығын және ұлттық паркпен ынтымақтастықтың тиімді тұстарын атап өтіп, бірлесіп атқаруға болатын жұмыстарды талқыға салды.
Семинарға қатысушы ұстаздар ой-пікірлері мен ұсыныстарын да еркін жеткізіп, мектеп пен ұлттық парк арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралардан қалыс қалмайтындығын айтты. Сондай-ақ, жыл сайын ғылыми қызметкерлермен бірлесіп, оқыту семинарларын және ұлттық парк аумағында ғылыми танымдық экскурсиялар ұйымдастыруды ұсынды. Биология, география, тарих бағытында ғылыми жоба қорғайтын мектеп оқушыларына ғылыми қызметкерлер бағыт-бағдар беріп, қажетті ақпараттармен бөлісе алатындығы жайлы да айтылды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі