Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауылында орналасқан “Арлан” өнер мектебінің орта және ересектер тобымен “Табиғат балалардың көзімен” байқауы мен көрмесін өткізді.
Байқау шарты: “2025 жыл құсы - Жұртшы” жайлы А3 форматты қағазға гуашь пен қылқаламды пайдалана отырып сурет салу болды.
Байқау барысында суреттер алқа мүшелерінің көз алдыларында салынып, артынша көрме өткізілді.
Байқау қорытындысы дәл сол мезетте жарияланды:
Гран при : Елтай Аяулым;
1 орын: Цуканова Валерия;
2 орын : Әбенова Айгерім;
2 орын : Цуканова Дарья;
3 орын : Кеңесқалиева Керемет;
3 орын : Аширова Нұрай.
Марапаттау рәсімі “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетіні хабарланды.
ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Р.Қабсаметов.