⚪️ 2025 жылдың 28 сәуірінде «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары Зайсан ауданына қарасты М.Әуезов атындағы орта мектеп ауласында оқушылардың белсенді қатысуымен тазалық іс-шарасын өткізді.
⚪️ Сенбілікке 9 “А,Б” сыныптан 25 оқушы қатысты.
⚪️ Іс-шараның мақсаты – жас буынның экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызын түсіндіру.
⚪️ Табиғатты аялау – болашаққа жасалған маңызды қадам.
🌐 Жер – біздің ортақ үйіміз, оны бірге қорғайық!
🖊️ Мемлекеттік инспектор: М.Манап.