Орман – табиғаттың маңызды бөлігі, ол климатты реттейді, оттегі өндіреді және биологиялық әртүрлілікті сақтайды. Алайда ормандар түрлі аурулар мен зиянкестердің әсерінен қатты зардап шегеді. Бұл экожүйенің тепе-теңдігін бұзып, орман ресурстарының азаюына әкелуі мүмкін.

Орман аурулары

Ормандарда кездесетін аурулар көбінесе саңырауқұлақтар, бактериялар немесе вирустар арқылы таралады. Ең көп таралған ауру түрлері:

Саңырауқұлақ аурулары: Түбір, сабақ және жапырақ шірінділері – ағаштың өсуіне кедергі келтіреді.

Жапырақ дақтары мен күйіктері: Ағаш жапырақтарының фотосинтезін бұзып, әлсіретуі мүмкін.

Түбір шірігі: Ағашты түбірінен шірітіп, құлатуға дейін алып барады.

 

Зиянкестер

Орман зиянкестері көбінесе жәндіктер болып табылады. Олар ағаштың жапырақтарын, діңін, қабығын немесе түбірін зақымдайды.

Жапырақ жейтін зиянкестер: долана көбелегі, жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары және шырынсорғыш жәндіктер.

Қабығын тесетін зиянкестер: қабығы арқылы ағаштың ішкі қабаттарына еніп, өсімді әлсіретеді.

 

Күресу жолдары

Орман аурулары мен зиянкестерге қарсы күрес бірнеше бағытта жүргізіледі:

Агротехникалық шаралар: уақтылы орман тазалығы, зиянды ағаштарды кесу.

Биологиялық әдістер: зиянкестердің табиғи жауларын пайдалану.

Биопрепараттар қолдану.

Орман аурулары мен зиянкестері табиғи ресурстарға қауіп төндіреді. Сондықтан орман қорғау шараларын күшейтіп, ғылыми негізделген тәсілдерді қолдану – тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздіктің негізі.

 

1

Авторы: Орман патолог инженері Нұрлан Тұяқбаев

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95