Ағымдағы жылдың мамыр айының 13-і күні Үржар аудандық спорт модулінде «Парктер шеруі — 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Халықаралық отбасы күні қарсаңына орай «Спорт! Табиғат! Денсаулық!» отбасылық спорттық сайысы болып өтті.
Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 4 отбасы қатысты.
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сайыс барысында әр команда команда ұраны мен атауын айтып, сәлемдесіп, «Экологиялық белгілер» зияткерлік байқауы, «Тату команда», «Жануарлардан пазл құрау», «Қоқысқа жол жоқ!» атты сайыстарына түсті. Конкурс нәтижесінде жүлделі орындар анықталды:
1 орын Жеңіс командасы Жансүгіров ОМ
2 орын Абай командасы Абай ОМ
2 орын Тұлпар командасы Абылайхан ОМ
3 орын Радуга командасы Момышұлы ОМ
Сайысқа түскен командаларға алғыс білдіре отырып бағалы сыйлықтарды табыстау және марапаттау рәсімі «Парктер шеруі — 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында табысталатынын хабарлайды.
Рекреация және туризм жөніндегі инженер: Д.Тоқтасынұлы