2025 жылдың мамыр айының 19-ы күні Аңшылықтанушы Елдос Күлетбаев Жансүгіров орта мектебінің 4-сынып оқушыларына (18 бала) "Қарабас тауы - Қазақстан арқарының мекені" тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға слайдтар көрсетілді. Оқушылар өз тараптарынан қойылған сұрақтарға толық жауаптарын алды.
Сабақтың мақсаты - оқушыларды Қазақстанның Қызыл кітабына енген Қазақстан арқары және оның тіршілік ету ортасы туралы ақпараттандыру.
Аңшылықтанушы: Елдос Күлетбаев.