2025 жылғы 29 мамыр күні Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі «Егінсу орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 7-сынып оқушыларына арнап Қарабұйрат орманшылығы аумағында ғылыми-танымдық экскурсия ұйымдастырды.

                Экскурсия барысында оқушылар Қарабұйрат сарқырамасының көркем табиғатын тамашалап, осы өңірге ғана тән Алтай күнгелдісінің гүлдеу сәтіне куә болды. Табиғат аясындағы шабытпен оқушылар өз өлең шумақтарын оқып, заманауи трендтерге сай шығармашылықпен де айналысты.

                Ұлттық парк аумағында өткізілетін мұндай ғылыми-танымдық сапарлар — жас буынның табиғатты тануы мен оны қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңызды құралы. Бұл іс-шаралар экологиялық тәрбие беріп қана қоймай, оқушылардың туған өлкенің табиғи байлығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.

 Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95