"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, Республикалық “ТазаLike” жол картасы, “1000 құс ұясы – табиғатқа қамқорлықтың символы!”, Республикалық "Парктер шеруі - 2025" Халықаралық табиғатты қорғау акцияларының іс-шарасы шеңберінде ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлының бастамасымен 23 экологиялық акция өткізіліп, оған 2025 адам жұмылдырылды. Аталмыш акциялармен қоса, 6 көрме (716 адам), 5 конкурс (631 адам), 12 семинар (535 адам), 10 дәріс сабағы ( 331 адам), 2 конференция (155 адам), 3 брифинг (70 адам) және жиналыстар мен кеңестер өткізілді. Барлық іс-шараға 4463 адам қатысты.
Жалпы алғанда ШҚО мен Абай облысынан 4 аудан (Зайсан, Тарбағатай, Мақаншы, Үржар аудандары) жұмылдырылды.
Акциялардың нәтижелеріне келсек:
* 18 мектеп оқушылары 50 құс ұясын жасап, ағаштарға ілді;
* Отырғызылған жасыл желек (терек, алма) көшеттерінің саны - 1230 бірлік;
* Контейнерлерге отырғызылған тұқым саны - 610;
* Ұлттық парк аумағының 25,5 га жерінен 0,95 тонна қоқыс пен әкімшілік аумақтың 24,5 га жерінен 0,85 тонна қоқыс жиналып, ұлттық парк техникасымен қоқыс полигонына шығарылды.
Жоғарыдағы көрсеткіштермен қатар, ұлттық парк қызметкерлері 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай елеулі экологиялық іс-шаралар атқарды.
Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Бестерек ауылының "Мектеп жанындағы интернаты бар М.Хасенов атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің оқушыларымен кездесіп, көрме өткізді. Көрме "Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні" тақырыбында болғандықтан ботаникалық бақта ұйымдастырылды. Оқушылар табиғи және жасанды өсімдік түрлері мен ағаш материалдарынан жасалған қолөнерлерді тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
"Қазымбет орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің оқушылары Экологиялық ағарту, рекреация жіне туризм бөлімінің ұйымдастыруымен "Әлет" туристік маршрутына жол тартты.
Аға ғылыми қызметкер А.Шәріпқанова оқушыларға табиғат аясында "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен фаунасы" тақырыбында семинар сабақ өткізіп, туристік маршрут бойына экскурсия жүргізді. Оқушылар экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің ой-пікірлерін айтты. Қоршаған ортаның экологиялық мәселелеріне көңіл бөліп, қоғамға пайда тигізуді басты мақсат етіп, көтеріңкі көңіл-күймен маршрут бойындағы экологиялық сенбілік жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Көрмеге 16 адам, семинар сабаққа 20 адам, экскурсияға 20 адам, сенбілікке 20 адам қатысты. Әрбір адамның санасында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу туралы негіз қалыптасқанда адамзат туған өңірінің табиғатын қорғауға белсенділік көрсетеді. Әлемнің әдемі болуы қолымызда екенін әрқашан жадымызда ұстайық, бұл қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесіміз болмақ. Біздің табиғатқа сіңірген әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса оң әсер етеді деген ойдамыз!
Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.