Бұл жыртқыш құс «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жыл бойы кездеседі, себебі ол көбіне отырықшы өмір салтын ұстанады. Аса сақ әрі жылдам қозғалатын құсты кездестіру оңай емес – оны көру кез келген адамға бұйыра бермейді.
Жуырда ұлттық парк аумағында жүргізілген патрульдік бақылау кезінде, Тарбағатай тауларының баурайындағы шағын орман алқабында (негізінен жөке ағаштарынан құралған), шамамен 3 метр биіктікте орналасқан белсенді ұя табылды. Ұя орналасқан аумақты біраз уақыт бақылау нәтижесінде оның иесі анықталды – ұя қаршығаға тиесілі екен. Адамды көрген кезде құс мазасызданып, қауіпсіз қашықтыққа ұшып кетті. Ұяны тексеру барысында жасы 2–3 апта шамасындағы екі балапан анықталды.
Мұндай жағдайларда құстың нақты биотоптағы қоректік базасын да анықтауға болады. Біздің бақылауымыз бойынша, ұядан табылған қалдықтарға сүйенсек, құстың рационы негізінен ұсақ кеміргіштер мен жәндікқоректілерден тұрады. Дегенмен, жәйран тұйғын үйрек, құр, кептер, қоян, қарсақ, суыр, тіпті борсық сияқты ірі олжаларға да оңай шабуыл жасай алады.
Қаршыға көбіне белгілі бір аумаққа бейімделіп, отырықшы өмір сүреді. Әдетте биіктен аң аулағанды ұнатады, бірақ кейде біздің аймақта жерге жақын биіктікте қалықтап, шөп арасынан жемтігін аңдып жүргенін де байқауға болады.
Бұл құс жыртқыштар арасындағы ең ірі және айқын ерекшелігімен көзге түсетін түрлердің бірі. Әдетте аналықтары ірілеу болып келеді – салмағы орташа есеппен 1300 грамм, ал аталықтары шамамен 1100 грамм болады. Қанат жайымы 1 метрден асады. Барлық тұйғын тұқымдастарына тән – көз үстіндегі ақ жолақтар (ақ қас секілді) қаршығада ені кең әрі ұзын, тіпті бастың артқы тұсында тоғысып жатқандай әсер береді. Көзінің түсі де жасына қарай ерекшеленеді: ересектерінде – қызыл немесе қызыл-қоңыр, ал жас құстарда – ашық сары.
Қаршығаны ертеден бері адамдар аңшылықта пайдаланған. Сонымен қатар, бұл құстар ауыл шаруашылығына зиян келтіретін кеміргіштерді жойып, экожүйеге орасан зор пайда әкеледі.
 
Мемлекеттік инспектор: Екатерина Гергенрейдер.
 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95