Ұлттық парктің орманды аумақтарында, әсіресе тау ормандарында жиі кездесетін құс түрі — үлкен тоқылдақ. Бұл ерекше жаратылыс иесі табиғатта орман дәрігері ретінде танымал.
Қызықты деректер:
• Тоқылдақ бір секундта 20 ретке дейін ағашты тоқылдата алады;
• Оның бас сүйегі мен ми құрылымы арнайы бейімделген — үнемі ағашқа соғылып тұрса да, миына зақым келмейді;
• Құстың тоқылдату ырғағы мен ұзақтығына қарап, оның түрін анықтауға болады.
Орман экожүйесінің ажырамас бөлігі саналатын бұл құс зиянкестермен қоректеніп, ағаштарды әртүрлі жәндіктерден тазартады. Осындай табиғи тепе-теңдікті сақтауда үлкен тоқылдақтың орны ерекше.

А. Шәріпқанова,
аға ғылыми қызметкер.