Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері Астана халықаралық университеті мен Ұлттық парк арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде, Польша және Израиль мемлекеттерінен келген шет елдік ғалымдардың қатысуымен 2025 жылдың маусым айының 10-18 аралығында Ұлттық парк аумағына далалық зерттеу жұмыстарына шықты.
Ғылыми жоба негізінде Ұлттық парк аумағында 2024 жылы бастама алған ғылыми зерттеу жұмысын жалғастыру мақсатында Астана халықаралық университетінің PhD докторы, жоба жетекшісі А.Е. Оразовтың, докторант Ш.Т.Тустубаеваның, докторант Ж.К.Алемсейтованың «Изучение генетического полиморфизма эндемичных представителей подрода Prunus subgen. Amygdalus (L.) Forsk на разных хребтах Казахстана», «Изучение современного состояния кустарниковых поясов Восточного Казахстана на основе биоэкологических и генетических характеристик популяций некоторых видов рода Rosa L.» ғылыми жобаларын іске асыру мақсатында далалық ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу барысында ҚР Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер қатарына жататын Ледебур бадамы өсімдігіне 2024 жылы орнатылған фенологиялық алаңдар бойынша қайталама зерттеу жұмыстары жүргізіліп, басқа да әдістер бойынша топырақ құрамының сынамалары алынды. Ғылым бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми зерттеу жұмыстарының әр түрлі әдістерін қолдану және үйрену мақсатында бірлесе жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, зерттелген аумақтарға фенологиялық бақылаулар жүргізіліп, өсімдіктер түрлері анықталып, инвентаризация жүргізілді.
Шет елдік ғалымдардың «Тарбағатай» ұлттық паркіне келіп бірлесе ғылыми жұмыстар жүргізуі Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің жұмысының дамуына үлес қосады. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша шет елдік ғылыми басылым журналдарына ғылыми мақалалар жарияланады.
Ғылым, ақпарат және экологиялық
мониторинг бөлімінің
ғылыми қызметкерлері С.Мәженова, Ә.Қаирбекова