Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Барқытбел орта мектеп-бақшасының 7–8 сынып оқушыларына “Өрт қауіпсіздігін сақтайық!” тақырыбында дәріс өткізді.

          Орман өрті — табиғатқа төнетін аса қауіпті апат. Ал орман — Жер бетіндегі ең маңызды табиғи байлықтардың бірі. Ол адамзатқа таза ауа сыйлайды, жануарлар мен құстардың тіршілік мекені болып табылады және климатты реттейтін экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Орман өрті тек ағаштарды ғана емес, бүкіл экожүйені жоятын зор қауіп.

          Орман өрті қалай пайда болады?

          Өрттің шығуына әртүрлі себептер бар. Олардың ең көп таралған түрлері:

          •         Адамдардың отпен абайсыз әрекеті (от жағу, темекі тұқылын тастау);

          •         Электр желілеріндегі ақаулар;

          •         Табиғи себептер, мысалы найзағай түсіп, жану;

          •         Қоқысты рұқсатсыз өртеу;

          •         Ауыл шаруашылығына байланысты өрттердің орманға таралуы.

          Статистикаға сүйенсек, орман өрттерінің басым бөлігі — адамның салғырттығынан туындайды. Бұл — алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселе. Әсіресе жаз мезгілінде күннің ыстығы мен құрғақ ауа райы өрт қаупін одан әрі күшейтеді. Сондықтан өрттің алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі.

          Орман өрті қандай салдарға әкеледі?

          Орман өрті кезінде:

          •         Мыңдаған гектар орман жойылады;

          •         Жануарлар мен құстар қырылып, мекенінен айырылады;

          •         Ауаға улы газдар таралып, адам денсаулығына зиян келтіреді;

          •         Климаттың жылыну үдерісі үдей түседі;

          •         Ылғалдылық төмендеп, шөлейттену үдерісі жылдамдайды.

          Өрттің алдын алу үшін әр адам орманға барғанда мына ережелерді есте сақтауы тиіс:

          •         Орманда рұқсат етілмеген жерлерде от жақпау;

          •         Темекі тұқылы мен басқа да жанғыш заттарды тастамау;

          •         Әйнек пен бөтелке сияқты күн сәулесін шоғырландыратын заттарды қалдырмау;

          •         Өрт байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарлау.

          Қорытынды:

          Орман өртімен күресу — тек мамандардың ғана емес, барша халықтың ортақ міндеті. Табиғатқа жанашырлық танытып, орманды қорғау — әрбір азаматтың борышы. Егер әрқайсымыз табиғатты сақтауға өз үлесімізді қосатын болсақ, болашақ ұрпаққа таза ауа мен жасыл орманды мирас етіп қалдыра аламыз.

          

1 1

"Қарабұйрат" орманшылық басшысының көмекшісі: Бауыржан Шоқаев.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95