Құрметті әріптестер, табиғат жанашырлары және Тарбағатай МҰТП ұжымы!
Бүгін – Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 7 жыл толған айтулы күн!
Осы уақыт аралығында парк ұжымы табиғатты қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау, экологиялық ағарту және экотуризмді дамыту бағытында ауқымды әрі маңызды жұмыстар атқарып келеді. Бұл жетістіктер табанды еңбек пен табиғатқа деген шынайы жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Біздің басты мақсатымыз – қасиетті өңірдің бай табиғи мұрасын келер ұрпаққа аман-есен жеткізу. Осы игі жолда жұмыла еңбек етіп жүрген баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз!
Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, кәсіби табыс, табиғатпен үйлесімді өмір тілейміз!
“Тарбағатай” МҰТП” РММ директоры А.Серкебаев