2025 жылдың 16 шілдесі күні Тарбағатай тауының баурайында орналасқан балаларға арналған “Тарбағатай” спорттық-сауықтыру лагерінде орман өрттерінің алдын алу және оларға ден қою бойынша ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шара ҚР Төтенше жағдайлар министрі С. Шәріпханов пен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың бірлескен бұйрығына сәйкес – “Төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін бекіту туралы” құжатына негізделе отырып ұйымдастырылды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, келесі ұйымдар мен мекемелердің белсенді қатысуымен жүзеге асты:
• “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Өрт сөндіру станциясының қызметкерлері;
• Үржар аудандық әкімдігі;
• Үржар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі;
• Аудандық полиция бөлімі;
• Бестерек ауылдық округі әкімдігі;
• “Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы” КММ қызметкерлері.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
• Өрт қаупі жоғары маусым алдында қоғамның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға деген жауапкершілікті көзқарасын қалыптастыру;
• Қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамды кеңінен тарту;
• Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру.
Міндеттер:
• Балалардың туған өлкесінің табиғатын сақтау жөніндегі қызығушылығын арттыру;
• Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу;
• Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу шаралары жөнінде ақпараттандыру;
• Өрт туындаған жағдайда алғашқы әрекетке дайын болуға үйрету;
• Балалардың табиғатты қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру, танымдық мотивацияны дамыту.
Іс-шара барысында балаларға орман өртінің пайда болу себептері, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы ақпарат беріліп, арнайы практикалық жаттығулар көрсетілді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа жанашыр болуына, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосады.
Орман қорғау инженері: Мұрат Малгельдинов