Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауға қоғамды тарту мақсатында 2025 жылдың шілде айында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, оның ішінде "Қусақ" туристік маршруты бойында сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған сенбілік шарасы табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, экожүйелерді сақтау, сондай-ақ келушілерге экологиялық тәрбие беру мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында туристік маршруттар бойындағы қоқыстар жиналып, бұлақ көздері ашылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікті мемлекеттік инспекторлар К.Гергенрейдер мен Е.Гергенрейдер және еріктілер ұйымдастырды. Барша қатысушылар “Табиғатты аялайық!” ұранын ұстанып, табиғатқа жанашырлықпен қарау қажет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Мақсаттар:
• Туристік аумақтардың тазалығын сақтау;
• Қоршаған ортаға жауапты көзқарас қалыптастыру;
• Демалушылар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау;
• Табиғи ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруге үлес қосу.
Мұндай сенбіліктер тек тазалық орнату шарасы ғана емес, сонымен қатар қоғамда табиғатқа деген жанашырлықты арттыратын тиімді құрал. Туристік бағыттар – еліміздің табиғи байлығы мен сұлулығын танытатын маңызды орындар, сондықтан оларды қорғау – әрбір азаматтың борышы.
Сенбілік жұмыстарына 2 мемлекеттік инспектор мен 5 ерікті қатысты. Іс-шара нәтижесінде 1 гектар аумақ тазартылып, шамамен 0,05 тонна тұрмыстық қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.