Табиғатты аялау – ортақ парызымыз. Осы ұстанымды басшылыққа алған Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары 31 шілде күні «Сенбілік жұмыстары – тазалық таразысы» атты экологиялық акция ұйымдастырды.

Шара аясында Ақшоқы және Бұғыбай өзендерінің жағалаулары тазартылып, қоқыс жиналды. Бұл сенбілікке 21 адам белсенді түрде атсалысты. Бір гектар аумақты қамтыған тазалық жұмыстары нәтижесінде 0,02 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы қоқыс полигонына шығарылды.

Аталған акцияның басты мақсаты – табиғи аймақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Экологиялық бастамалардың маңыздылығын ескере отырып, мұндай сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бақты орманшылығының қызметкерлері табиғатты таза ұстау – әр азаматтың борышы екенін еске салып, барлық тұрғындарды табиғатты аялауға шақырады.

1 1 1 1 1 1 1

“Бақты” орманшылық басшысының көмекшісі: А.Әукенов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95