2025 жылдың 1 тамызы күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Қарабұйрат” орманшылығында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында “Жасыл Қазақстан” атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мақсатында өткізілген сенбілікке ұлттық паркінің 6 мемлекеттік инспекторы қатысты. Олар 1 гектар аумақты қамтып, 0,02 тонна тұрмыстық қоқысты жинап, арнайы қоқыс полигонына жеткізді.
Мұндай шаралар жастарға үлгі болып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Табиғат — ортақ қазына, оны қорғау — баршамыздың борышымыз.
Мемлекеттік инспектор: Рүстем Оспанов.