Табиғат қорғау шараларын күшейту және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Гергенрейдер К. мен Гергенрейдер Е. ерекше қорғалатын табиғи аумақта жаңа аншлаг орнатты.
Орнатылған аншлагта заңсыз аңшылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ескертулер мен ақпараттар көрсетілген. Мұндай шаралар келушілер арасында экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғи аумақтағы жануарлар дүниесін қорғауға септігін тигізеді.
Инспекторлардың айтуынша, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық парктің барлық маңызды бағыттарын қамтитын болады.
Ұлттық парк баспасөз қызметі