Мен, Гергенрейдер Екатерина Константиновна “Тарбағатай” МҰТП-нде мемлекеттік инспектор болып қязмет етемін.
Қоршаған ортаны қорғау – тек экология саласындағы мамандардың ғана емес, әр азаматтың борышы. Осы ұлы міндетті күнделікті еңбегімен жүзеге асырып жүрген жандардың бірімін.
Өз қызметімде табиғатты сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды басты мақсат етіп қойдым. Заң бұзушылықтарды анықтау мен алдын алу, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру сынды жауапты жұмыстарды атқарып келемін. Бірнеше экологиялық акциялар мен ағаш отырғызу шараларына атсалыстым. Әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобаларға ерекше көңіл бөлемін. Қоғаммен ашық жұмыс істеу – оның басты ұстанымдарының бірі.
Қоршаған орта – болашақ ұрпаққа аманат. Бұл сөздерді ұран еткен мемлекеттік инспектор үшін экология – тек жұмыс емес, өмірлік ұстаным. Оның жанашырлығы мен кәсіби біліктілігі – еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне қосылған нақты үлес.