Сіз ұзақ жылдар бойы туған өлкенің табиғатын қорғап, “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дамуына зор үлес қостыңыз. Мемлекеттік инспектор ретінде жауапты қызмет атқарып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сақталуына елеулі еңбек сіңірдіңіз.
Зейнеткерлікке шығуыңыз – абыройлы еңбектің, адал қызметтің жемісі. Сізді осы қуанышты сәтіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолыңызда денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ізгі тілекпен:
“Тарбағатай” МҰТП” РММ директоры А. Серкебаев пен ұлттық парк ұжымы