Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта «Тарбағатай» зоологиялық қаумалының мемлекеттік инспекторлары жоспарлы рейдтік іс-шара жүргізді. Шара барысында инспекторлар аймақты аралап, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылап, жануарлар дүниесіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттердің алдын алуды мақсат етті.
Рейд барысында сондай-ақ жергілікті жеке шаруа қожалықтарына барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Инспекторлар қожалық иелеріне арнайы жадынама таратып, өрттің алдын алу шараларын сақтау қажеттігін атап өтті.
«Табиғатты қорғау мен өрттің алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Әр азамат туған жердің байлығын қорғауға үлес қосса, болашақ ұрпаққа аманат етер табиғатымыз да сақталады», – дейді қаумал инспекторлары.
Рейд барысында заң бұзушылықтар орын алмады. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
⸻
🖊️📸 Орман шебері-мемлекеттік инспектор: Аманжол Өтешов.