Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) әрқашан қыркүйек айының үшінші сенбісінде атап өтіледі. Бұл — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және әлемнің 190-нан астам елінде қолдау тапқан жаһандық экологиялық қозғалыс.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аталмыш акцияға жыл сайын қатысып келеді. Бұл бастама — ұжымның табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы тұрақты ұстанымын көрсетеді.
Бүгінгі сенбілік барысында ұлттық парктің Үржар орманшылығына қарасты 45-орамның 16-телімінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға орманшылықтың мемлекеттік инспекторлары белсенді қатысып, табиғаттың тазалығына үлес қосты.
Сенбілікке 15 мемлекеттік инспектор жұмылдырылып, нәтижесінде 0,03 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, ұлттық парктің арнайы техникасымен қоқыс полигонына шығарылды.
Мұндай экологиялық акциялар – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамда экологиялық сана қалыптастырудың маңызды құралы. Сонымен қатар, бұл – жас ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын іс жүзінде көрсететін тәрбиелік шара.
Мемлекеттік инспектор: Аман Шарапиев.
#тазақазақстан
#тазақазақстанэкологиялықакциясы
#тазақазақстан🇰🇿
#табиғатқорғауқызметкерлері
#орманшаруашылығы
#Дүниежүзіліктазалықкүні2025