Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай “Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ қызметкерлері арасында шағын футболдан “Тарбағатай МҰТП кубогы” өтті.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өзара ұйымшылдық пен шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде:
? 1 орын – Өрт сөндіру бөлімі
? 2 орын – Мақаншы орманшылығы
? 3 орын – Үржар орманшылығы
Жекелей номинациялар бойынша:
⚽ Үздік қақпашы – Дүйсекенов Ерлан
? Үздік қорғаушы – Тоқтасынұлы Даулет
? Үздік шабуылшы – Бектұр Ерсұлтан
Сонымен қатар, белсенді қатысқандары үшін Қарабұйрат орманшылығы мен Жүргізушілер командасы марапатталды.
Бұл турнир ұйым ішіндегі ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайтып, орман қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттырды. ? Экскурсия жетекшісі: Жансая Сакиева













