Табиғат – адамзаттың тіршілік бесігі, өміріміздің бастауы. Біз демалатын таза ауа, ішетін мөлдір су, жейтін ас – барлығы табиғаттың сыйы. Сондықтан оны қорғау, аялау – әр адамның қасиетті борышы. Алайда бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы, әсіресе тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – өзекті мәселеге айналып отыр.
Қоқысты бейберекет тастау – тек айналаны ластау емес, ол экологиялық мәдениеттің төмендігін көрсетеді. Бір ғана пластик бөтелке жүздеген жылдар бойы шірімей, топырақты улайды, жануарларға зиянын тигізеді. Ал орманда немесе өзен жағасында тасталған қоқыс табиғаттың сұлулығын ғана емес, тіршілік иелерінің өмірін де қауіпке тігеді.
Сондықтан біз табиғатқа тек демалу үшін емес, оған қамқорлық көрсету үшін баруымыз керек. Әрбіріміз өзімізден бастап тазалыққа мән беріп, қоқысты жинап, сұрыптауды әдетке айналдырсақ – үлкен өзгеріс орын алады. «Табиғатқа қоқыс емес, қамқорлық керек!» деген ұстаным – бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің белгісі.
Таза табиғат – бақытты өмірдің кепілі. Ендеше, туған жердің әр тасын, әр гүлін қадірлейік. Қоршаған ортаны таза ұстау – өзімізге, болашағымызға жасаған қамқорлық.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95