Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы елеулі еңбегі үшін Дарханбаев Нурбек Калдыбековичті Құрмет грамотасымен марапаттады.
 
Бұл марапат — Нурбек Калдыбековичтің кәсіби жауапкершілігі мен табанды еңбегінің, сондай-ақ еңбек ұжымындағы белсенді азаматтық ұстанымының айғағы. Ол өзінің адал қызметі мен ынта-жігерінің арқасында ұжымда жоғары беделге ие болып, кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосып келеді.
 
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойы аясында берілген бұл марапат — еңбек адамының қоғамдағы рөлін дәріптеу мен әділдік қағидатын ұлықтаудың жарқын көрінісі.
 
Ұжым атынан Нурбек Калдыбековичті шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасылық амандық және жаңа кәсіби табыстар тілейміз!
Еңбегінің жемісі артып, абыройы асқақтай берсін! 🌿

1 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95