Ағымдағы жылдың 5 қарашасы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшілері Д. Баяхметов пен Ж. Сакиева, орманшылық басшысы Ф.Хикматалимов және мемлекеттік инспекторлар К.Еркинтаев, С. Токушевпен бірге «Қарабас» туристік маршрутына күзгі түгендеу жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында маршрут бойындағы ақпараттық тақталар, маршрут картасы, демалыс орындары, қоқыс жәшіктері және қашықтықты көрсететін бағыттаушы белгілердің барлығының жарамды күйде сақталғаны анықталды.
Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ақпараттық тақталар, аншлагтар және маршрут картасы толықтай жұмысқа жарамды күйде екені белгіленді.
Экскурсия жетекшісі: Ж.Сакиева.













