Қыс маусымының басталуына байланысты Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары қардың қалыңдығын дәл анықтау үшін қолданылатын ескі қар өлшеуіш құралдарын жаңартып, қосымша жаңа құрылғылар әзірледі.
Орманшылық аумағында қыста қар мөлшері көп түсетіндіктен, қар деңгейін жүйелі түрде өлшеу — табиғатты қорғау жұмысындағы маңызды үдеріс. Түсетін қардың биіктігін, тығыздығын және оның өзгеру динамикасын бақылау жануарлардың қыстағы жай-күйін бағалау және көктемгі су тасқыны қаупін болжау үшін қажет.
Мемлекеттік инспекторлар өз қолдарымен жасалған жаңа қар өлшеуіштерді орманшылықтың негізгі бақылау нүктелеріне орнатпақ. Жаңартылған құралдар бұрынғы нұсқаларға қарағанда жеңіл, берік және мәліметті дәлірек алуға мүмкіндік береді.
Қарабұйрат орманшылығы қызметкерлері қыстағы табиғи өзгерістерді мұқият бақылап, қар жамылғысы туралы деректерді тұрақты түрде жинауды жалғастырады. Бұл ақпарат табиғатты қорғау шараларын тиімді жоспарлауға және орман экожүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

Орман шебері: Б.Касенбаев.
 

1

1

1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95