🇰🇿Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2026 жылдың «Жасанды интеллект жылы» болып жариялануына орай, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, инновациялық ойлау қабілетін дамыту және заманауи технологияларды тиімді қолдану мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Егер мен табиғат қорғаушысы болсам...» тақырыбында жасанды интеллект көмегімен бейнероликтер байқауы ұйымдастырылады!
🌿Байқаудың мақсаты – мемлекеттік инспектор қызметінің қоғамдағы рөлін түсіндіру және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сауаттылығын арттыру, сыни ойлауын дамыту және жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
☘️Міндеттері:
• Мемлекеттік инспектор қызметінің маңызын ашу;
• Қоғамдық жауапкершілікті насихаттау;
• ЖИ құралдарын сауатты әрі этикалық пайдалану.
❗️Байқаудың ЕРЕЖЕСІ:
1. Қатысушылар бейнероликті ЖИ құралдарын пайдалана отырып дайындайды (мәтін құру, дыбыстау, монтаж, визуал жасау т.б.);
2. Қатысушылар 9-11 сынып оқушылары;
3. Жеке 1 ғана оқушының жұмысы болуы керек;
4. Бейнеролик ұзақтығы: 30 секунд-1 минут аралығында;
5. Тақырыптың ашылуы;
6. Авторлық сценарий;
7. ЖИ көмегімен жасалған дыбыстау немесе визуал элемент болуы;
8. Әдеп нормаларын сақтау.
9. Жариялау тәртібі:
• Өңделген түрдегі бейнеролик жеке Instagram парақшасына жүктелуі тиіс;
• Бейнероликтің көлденең форматта түсірілген түпнұсқасын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жолдайсыздар;
• Міндетті хэштег: #табиғатқорғаушысыболсам және #Парктершеруі2026;
• Міндетті түрде tarbagatai_2018 парақшасын белгілеуі қажет;
• Парақша ашық (публичный) болуы тиіс;
• Бейнероликтің ЖИ екендігі міндетті түрде көрсетіліп, жазылуы керек.
Тыйым салынады:
• Плагиат (біреудің еңбегін: мәтінін, идеясын, суретін, жобасын, т.б. рұқсатсыз алып, өз атымен көрсету);
• Нақты адамдарды кемсіту;
• Заңға қайшы мазмұн.
🍀Бағалау критерийлері:
1. Тақырыптың ашылуы 10 ұпай;
2. Шығармашылық идея 10 ұпай;
3. ЖИ қолдану сапасы 10 ұпай;
4. Дыбыс және монтаж сапасы 10 ұпай;
5. Әлеуметтік маңыздылығы 10 ұпай.
Жалпы: 50 ұпай.













