Шабындықтар мен жайылымдық жерлерді бүлдіру, орман қоры жерлерінде заңсыз шөп шабу және мал жаю, сондай-ақ дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты рұқсатсыз жинау Қазақстан Республикасының за ңнамасын бұзу болып табылады.
Табиғаттың әрбір бөлігі экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда, жабайы жануарлардың қоректік қорын қамтамасыз етуде және өңірдің биологиялық әртүрлілігін қорғауда маңызды рөл атқарады. Заңсыз әрекеттер қоршаған ортаға зиян келтіріп, заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Заң бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған:
• айыппұл салу;
• келтірілген залалды өтеу;
• Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар.
Тарбағатайдың табиғи мұрасын келер ұрпақ үшін бірге сақтайық!
Автор: Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы Константин Гергенрейдер.













