«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Зайсан (зоологиялық) қаумалы аумағында табиғи аумақтарды қорғау, бақылау және экологиялық жағдайды бағалау мақсатында зерттеу және рейдтік іс-шаралар жүргізілді. 

Рейдтік жұмыстар Ыбырай, Құсты, Апат және Тұяқ учаскелеріндегі 1, 2, 3 және 4 айналым аумақтарын қамтыды. 

Іс-шаралар барысында табиғи аумақтың жағдайы, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі бақылауға алынып, табиғат қорғау талаптарының сақталуы тексерілді. Сонымен қатар, заңсыз аңшылық, табиғи ресурстарға зиян келтіру және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді. 

Жүйелі түрде өткізілетін рейдтік іс-шаралар табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, биоалуантүрлілікті сақтауға және табиғат қорғау заңнамасының талаптарын орындауды бақылауға мүмкіндік береді. 

«Тарбағатай» МҰТП аумағында табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылуда. 

Автор:
Зайсан (зоологиялық) қаумалының орман шебері
Өтешов Аманжол

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲