Жоспарға сай бүгін мемлекеттік инспекторлармен айлық жиын өткізілді.
Жиында мекеме директоры Алибек Тоқтаубекұлы, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алқа отырысында талқыланған тақырыптардағы:
заңсыз ағаш кесу;
орман өрттерінің таралуына жол бермеу;
орман өртіне жол бермеу үшін қосымша қаралатын іс-шаралар түрлері;
мемлекет басшысының елімізде орман қорына 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасын орындау барысындағы кешенді жоспарларды уақытылы, сапалы орындау керектігі тапсырмаларын жеткізді.
Сонымен қоса мемлекеттік инспекторлардың білім деңгейін жетілдіру үшін:
Табиғат жылнамасын жүргізу үшін көктемгі фенологиялық бақылау жүргізу;
суда жүзетін құстарды есепке алу тәсілдері;
өрт қаупі маусымына дайындықты күшейту;
әдеп, жүріс-тұрыс, мінез-қылық, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;
техника қауіпсіздігі шараларын сақтау, оқыс жағдайдың болу ықтималдарынын алдын-алу;
айлық есеп қорытындылары;
SMART құрылғысы бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындысын экранда слайдпен көрсетіп, нәтижелері талқыланды.
Ұлттық парк баспасөз қызметі