Бүгін 15-наурыз күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастырумен «Парктер шеруі - 2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын талқылау мақсатында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында үйлестіру кеңесінің мүшелерінің пікірлері тыңдалды.
Қозғалған тақырыптар бойынша талқылау барысындағы ұсыныстар:
- Пиар жарнамасын ауқымды түрде жариялау;
- Акция барысында халықтың менталитетін көтеру үшін мектеп оқушыларымен ғана емес, ересек адамдармен және шаруа қожалықтарымен де қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ағаш кесу, өрт мәселелері жөнінде келіссөз өткізу;
- Әр ауылдық округтерде жұмыс тобын құрып, жаппай бұлақ көздерін ашу іс-шараларын өткізу;
- «Әлет» туристік бағыты бойында мал айдап өтпеу үшін шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отыру керектігі және ауыл әкімдеріне ресми хат жазу;
#маршпарков2022 #парктершеруі2022