Сәуірдің сәтті күнінде, Парктер шеруі-2022 Халықаралық акциясы аясында ұлттық парк қызметкерлері Мақаншы ауылдық округ тұрғындарымен бірлесіп Мақаншы ауылындағы кіре беріс алаңға 400 түп ағаш көшеттерін отырғызу ауқымды іс-шарасын өткізді.
Алаңда жас ағаш көшеттерін отырғызумен жергілікті халыққа, баба мұрасындай болған жасыл белдеуді бүгінгі ұрпақ күтіп ұстап, көзінің қара шығындай сақтауды жылда өтетін «Парктер шеруі» акциясы аясында тағылымы мол тәрбиелік маңыздың бірі-табиғатты аялау, жасыл-желекті сақтау болып табылатынын түсіндіру де басты мақсаттың бірі.
Бүгінгі күнге дейін ұлттық парк тіршілігінде бір ізбен жалғасқан сара жолмен көшет егіп, жерімізді көгалдандырып, жылда ағаш отырғызу басты ұстанымымызға айналған.
Жасыл-желек, ну орман қорын кеңейту жұмыстары басқа ауылдық округтерде де жалғасын табуда. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын"-деп ата-бабамыз айтқандай, саялы ағаш егіп, ұрпаққа мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жоймай, ауданымыздағы көркейту, көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Баспасөз хатшысы