Кеклік немесе тас кекілігі немесе тау тауықтары (лат. Alectoris chukar) - қырғауыл тұқымдасына жататын құстар туысы
Арқалы және Қарабас «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі аумағының кластерлік үлескілерінде кең таралған. Кекіліктер сирек бұталармен толып жатқан таулардың жартасты беткейлерінде кездеседі. Жылдың көп бөлігін 20-50-ге дейін топтасын тіршілік етеді.
Олар осы құстың "ке-ке-кле" ерекше дыбыстық сигналдарының арқасында өз атауын алды.
Бір қызығы, бұл құстардың 2 жұмыртқа салынған ұясы болады: біреуін әкесі, екіншісін анасы инкубациялайды.