Өзен қарқылдақ (Sterna hirundo) – шағалалар (Laridae) тұқымдасына жататын құс.
Денесінің тұрқы 31-35 см, қанатының ұзындығы 25-29 см, қанатының кеңдігі 70-80 см-ге дейін жетеді. Салмағы 97-175 г. Өзен қарқылдағының құйрығы айыр, тұмсығы қызыл, ал тұмсығының ұшы қара түсті болып келеді. Қауырсындары ақ немесе ақшыл сұрғылт түсті, төбе қауырсындары қара түсті. Кәдімгі өзен қарқылдағының аяқтары қызыл түсті болады. Негізгі қорегі - балықтар, сонымен қатар молюскалар мен жәндіктерді де азық етеді.
Мамыр – тамыз айларында өсімдігіаз өзен жағалауларында ұя салады. Тұмсығында балығы бар аталығы аналығын таңдандыруға тырысып, жұптасу биін орындайды. Аналығы бірден төртке дейін жұмыртқа басып шығарады. Аталығы мен аналығы бірлесе балапандарын сыртқы ортадан қорғап, 3-4 аптасында ұшыра бастайды.
Шулы құс, «кик» немесе «кит», «кирри-кирри-кирри» және «ки-арррр» сияқты қатты дыбыстар шығарады.
Құстардың ішінде негізгі жауы – ірі шағалалар және сұр қарғалар. Сүтқоректі жануарлар ішінде аққалақ, ақ кіс, түлкі және қабан болып табылады.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Үржар, Қатынсу, Еміл өзендерінде және Алакөл көлінің шығанақтарында көптеп кездеседі.